• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 13:02

Алматыда автокортеж ұйымдастырған 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды

Алматыда соңғы қоңырау қарсаңында автокортеж ұйымдастырған түлектердің ата-анасы айыппұл арқалады. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан, жасөспірімдер тобы қала көшелерімен колонна болып жүріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Нәтижесінде 21 түлектің ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл бап бойынша жаза 10 АЕК көлемінде айыппұлды (2026 жылы 43 250 теңге) құрайды.

Екібастұзда той автокортежі тәртіп бұзған

Сонымен қатар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылып (айыппұл – 5 АЕК немесе 21 625 теңге), автокөліктер айып тұрағына қойылған.

«Полиция автокортеждердің, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өтетін шаралардың заңға қайшы екенін алдын ала ескерткен болатын. Соған қарамастан кейбір азаматтар талаптарды елемеді. Осындай әрбір дерек бойынша полиция қатаң шара қабылдайды. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзу мен қауіпсіздікке қатер төндіруге себеп болмауы тиіс», делінген департамент хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте кортеж жасаған 12 жүргізуші жазаға тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар