Талғар қаласында алаяқтар «Джеки Чанның бейнесін» пайдаланып, зейнеткерді алдауға әрекет жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдымен ер адамға емханадан хабарласып, «вакцинацияға жазылуды растау» қажет екенін айтқан. Жағдай шынайы көрінген, себебі ол жақында расымен де екпе кезегіне тұрған. Сол себепті зейнеткер SMS-кодты айтып жіберген.
Кейін «екінші желі» қосылып, өзін қаржылық мониторинг қызметкері ретінде таныстырған адам бейнебайланысқа шыққан. Ол Джеки Чан бейнесімен көрініп, зейнеткердің атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, шұғыл түрде «шоттарды қорғауды» ұсынған.
Бұл жағдайға полиция араласып, процесті тоқтатқан. Ер адамды Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып, ЭЦҚ кілтін ауыстырған.
Айта кетейік, Ақмолада алаяқтарға алданған кәсіпкер 24 млн теңгесінен айырылды.