Еліміздегі айырбастау орындарындағы шетел валютасының бағамы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан қор биржасының мәліметіне сәйкес, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,09 теңге болды.
Қазіргі уақытта Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
доллар 467 теңгеден сатып алынады, 473 теңгеден сатылады; еуро: сатып алу – 544 теңге, сату – 554 теңге; рубль: сатып алу – 6,3 теңге, сату – 6,6 теңге.Алматыда:
доллар: сатып алу – 466 теңге, сату – 473 теңге; еуро: сатып алу – 543 теңге, сату – 553 теңге; рубль 5,8 – 6,8 теңге аралығында саудаланады.Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялаған болатын.