• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:25

Түрмеден кейін де тіршілік бар: Қызылордада сотталғандарға жұмыс ұсынылды

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен жергілікті әкімдік және уәкілетті органдардың ұйымдастыруымен пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарына «Enbek Hub-Qyzylorda» атты ауқымды жәрмеңке өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарынан жұмыс берушілер қатысты.

Іс-шара сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды

Жәрмеңкеге қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері шақырылып, олар өздерінің бос жұмыс орындарын және еңбекке орналастыру шарттарын ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің барысында 16 азаматтың жұмысқа орналасуына жолдама берілді. Жыл басынан бері пробация есебіндегі 123 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау 20%-ға төмендеген.

Сотталған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қылмысқа қайта барудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды талап етті.

Соңғы жаңалықтар