Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын туған күнімен құттықтаймын деп сынның астында қалды. Оқырманның ашуын туғызған – құттықтаудың мазмұны емес, оның Парламенттің ресми стилінде рәсімделуінде, деп жазады Egemen.kz.
Депутаттың айтуынша, Парламентте ресми құттықтаулар мен іс-шараларға арналған арнайы папкалар болады. Дәулет Мұқаев бұл мүмкіндікті жеке құттықтау үшін пайдаланғанын айтты.
«Әйелім Лаура өзіне осындай нәрсе жасауымды сұрады. Өздеріңіз білесіздер, биыл шілдеде Парламент тарайды. Қолымда тұрған нәрсе ғой деп, бес мың теңгесін төлеп, тілегімді арнадым», деді ол.
Арзан баға Назаровта ғана... Халық азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?
Алайда бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Желіде депутаттың мемлекеттік мекеме атрибуттарын жеке мақсатта қолдануы сынға қалып отыр.
«Картоп қымбаттағанда депутат басымен мәселені көтерудің орнына әйеліне картоптан букет сыйлағанда «ақылының жеткені сол шығар» деп күліп қоя салғанбыз. Енді міне, заң шығарушы органның атауын әйелін құттықтауға пайдаланып, онысын «гештальт жаптық» деп тұр. Әр депутат 5 мың теңгеге сатып алып, әйелін, туған-туысын, құда-жекжатын Парламенттің атынан құттықтай берсе, жетіскен екенбіз. Кетуіне бір жарым ай қалғанда қойшы деп ем, бірақ мына концертіне шыдамадым. Сыныптасыма күліп ек, мынауың одан қалысып тұрған жоқ», деп жазды танымал журналист Гүлбану Әниятқызы.
Ардақ Назаров ажырасатын отбасыларға салық салуды ұсынды
Нұрболат АМАНБЕК