• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 10:07

Баянауыл – Курчатов аумағында ақбөкендер жаппай қырылып жатыр

50 рет
көрсетілді

Қазақстанда 1-16 мамыр аралығында өтіп жатқан Dala.Camp ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы қатысушылары далада жаппай қырылған ақбөкендерді анықтады. Оқиға Баянауыл мен Курчатов арасындағы аумақта, Жаңа Ақшиман ауылына жетпей тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экспедиция мүшелерінің айтуынша, жануарлардың өлекселері ұзақ уақыт далада жатқан. Бұл олардың бір сәтте емес, біртіндеп қырылғанын білдіреді.

Turan қауымдастығы басқарма төрағасы және экспедиция жетекшісі Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша жағдайдың ықтимал себептерінің бірі – көбею кезеңімен байланысты табиғи биологиялық үдерістер. Бұл уақытта ақбөкендер әлсіреп, сыртқы қауіптерге төзімділігі төмендейді.

Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды

Дегенмен, нақты қорытынды жасау үшін қосымша ғылыми зерттеулер қажет екені атап өтілді.

Экспедиция жұмысы жалғасып жатыр. Қатысушылар даладағы ахуалды бақылап, деректер жинап жатыр. Жиналған материалдар кейін мал шаруашылығы саласының жағдайын және табиғи тепе-теңдікті терең талдауға негіз болмақ.

Айта кетейік, Dala.Camp ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы 2026 жылдың 1 мамырында Astana қаласында басталған. Жоба Қазақстанның Turan мал шаруашылығы қауымдастығы ұйымдастырған 16 күндік далалық медиажоба ретінде жүзеге асып жатыр.

Экспедиция шамамен 10 өңірді қамтып, 6000 шақырымнан астам жолды еңсеруді көздейді. Оған 40-қа жуық фермер, сарапшы және сала мамандары қатысуда. Жоба аясында нақты шаруашылықтарда тәжірибе алмасу, мал шаруашылығының экономикалық жағдайын талдау және саланың негізгі мәселелерін анықтау жоспарланған.

Қытай ғалымдары киікті зерттеуге ден қоймақ

Экспедиция соңында Қазақстандағы ет бағытындағы мал шаруашылығы бойынша аналитикалық есеп әзірленіп, көпсериялы деректі фильм мен реалити форматындағы жоба шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар