Алматы қаласындағы Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке уақытша басқа орынға көшірілді. Жәрмеңке алаңы жаңғырту жұмыстарына байланысты енді Рысқұлбеков көшесі бойында, Щепкин көшесіне дейінгі аралықта орналасқан ҚазБСҚА университетіне қарама-қарсы автотұрақ аумағында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін сауда алаңы Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында жұмыс істеп келген.
Қаладағы басқа аудандардағы жәрмеңкелер өз орындарында жалғасады:
Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданындағы алаң; Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелері; Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы.Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермердің 1000-нан аса өнім түрі ұсынылады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және бал өнімдері бар. Бағалар тікелей жеткізілімнің арқасында нарықтағыдан шамамен 15-20% арзан болады.
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңғырту аяқталғаннан кейін павильондар жаңартылып, санитарлық жағдай жақсартылып, автотұрақтар мен жалпы инфрақұрылым абаттандырылмақ.
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды