Еуропалық одақ 2026 жылғы 23 сәуірде Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін жариялады. Аталған тізімге енгізілген субъектілер қатарында Қазақстанда тіркелген United Trading Group компаниясы да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЕО деректеріне сәйкес, компанияның негізін қалаушы – Әлімжан Беков немістің UrSeCo Handels GmbH & Co. KG компаниясымен байланыста болған. Осы арқылы United Trading Group жоғары сапалы хлорлы сутек (HCl) химиялық затын Ресейге жеткізу схемасына қатысқан деп көрсетілген. Бұл өнім жартылай өткізгіштер өндірісінде қолданылады.
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Құжатта көрсетілгендей, химиялық зат Германиядан Қазақстан арқылы Ресейдің Siltron және Electronsnab компанияларына жеткізілген. Жеткізу тізбегі Польша, Түркия, Қазақстан және Ресей аумақтары арқылы өткен. Осыған байланысты ЕО тарапынан аталған компания санкциялық шектеулерді айналып өтуге көмектесті деген қорытынды жасалған.
Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін
Еске сала кетейік, бұған дейін де Қазақстанға қатысты бірқатар компания Еуроодақ санкциялық тізіміне енгізілген. Атап айтқанда, 2025 жылғы ақпанда 16-пакетте Kazstanex және MetallStan, 2024 жылғы маусымда 14-пакетте Da Group 22, ал 2024 жылғы ақпанда 13-пакетте Elem Group компаниялары санкция тізіміне енген.