Серікбай Әбілмәжін 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін тәмамдаған. 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология бөлімінің магистратурасын бітірген. Бурабай ауданының мектептерінде мұғалім, Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық «Бурабай» газетінің редакторы болып қызмет атқарған.
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Өлеңдері «Сарыарқа самалы» ұжымдық жыр жинағына, «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. 2014 жылы «Хантәңірі» баспасынан «Үркертолғақ» атты жыр жинағы, 2021 жылы «Фолиант» баспасынан «Сарша тамыз» қатарлы жыр жинағы жарық көрген.
«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, қаламдас әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада.