• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:13

Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі

20 рет
көрсетілді

Екатеринбург – Астана бағытындағы әуе рейсінде кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Ұшақ бортында болған жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әскери киім киген ер адам өзін өрескел ұстап, 2017 жылы туған балаларға маза бермеген. Ол дауыс көтеріп, әбес сөздер айтып, жанжал шығаруға әрекеттенген. Сонымен қатар  жолаушылардың сөзінше, ер адам «балалар ұйықтап жатқанда соғысқа қатысқанын» айтып, оқ атуды имитациялаған.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін бортсеріктер мен хоккей командасының жаттықтырушысы араласып, ер адамды сабырға шақырған. Олардың жедел әрекетінің арқасында ұшақ ішінде тәртіп сақталып, жолаушылар қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Астана қаласының көлік полициясы аталған дерек бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шара қабылдайтынын жеткізді. 

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Соңғы жаңалықтар