• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 14:49

Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады

30 рет
көрсетілді

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Елордада қолға алынған бұл бастама жүргізушілердің тәртібін күшейтіп және жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етіп, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының цифрландыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Astana Smart City жобасы шеңберінде AI-бейнеаналитиканың кеңейтілген функционалы енгізіліп жатыр. Жаңартылған жүйе жол қозғалысы қағидаларын бұзудың жаңа түрлерін тіркеуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, жаңа алгоритмдер жүргізушінің көлік тізгінінде отырып телефон қолдануын, қауіпсіздік белдігін тақпауын және жол қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де әрекеттерін автоматты түрде анықтайды. Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Шешімдер компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларына негізделген, бұл деректерді өңдеудің дәлдігі мен жеделдігін арттырады.

Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады

Жаңа AI-камералар тек жекелеген құқықбұзушылықтарды тіркеумен шектелмейді. Олар қалалық және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген бірыңғай цифрлық платформаның құрамына кіреді. Соның нәтижесінде жолдағы ахуалды кешенді бағалау, көлік ағындарын тиімді басқару мүмкіндігі кеңейеді.

Жоба барысында Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау басты назарға алынған. Жүйе барлық қажетті сертификаттау рәсімдерінен өтіп, кезең-кезеңімен енгізіліп келеді.

Атырауда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған

Соңғы жаңалықтар