• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 13:30

Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

130 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаралы жиынға ақынның рухына тағзым ету үшін зиялы қауым өкілдері, әріптестері мен қалың жұрт жиналды. Қоштасу рәсімін Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып беріп,  ақынның ұлттық мүдде жолындағы еңбегі мен Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы батылдығы ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасының хатын депутат Жанарбек Әшімжан жеткізсе, Түрксой ұйымы атынан Ұлықбек Есдәулет ақынның түркі әлеміндегі орнына тоқталды. Қоштасу рәсіміне Қырғыз Республикасынан арнайы делегация қатысып, Президент Садыр Жапаровтың көңіл айту хатын табыстады.

Рәсімнен кейін Мұхтар Шахановтың денесі Түркістан облысына жөнелтілді. Ақын тірі кезінде өзін туған жері Отырар өңірінде жерлеуді аманат еткен болатын.

Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды

22 сәуір күні Түркістан облысы Отырар ауданында жаназа намазы оқылып, ақын Қоғам ауылдық зиратына жерленеді. Оның мәңгілік мекені Арыстан баб кесенесіне жақын орналасқан.

Соңғы жаңалықтар