• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бюджет Бүгін, 14:33

Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төлемдер беру мерзімі қысқартылмақ. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды,Egemen.kz

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қор тұрақты жұмыс істеп тұр және қаражат жеткілікті көлемде түсіп жатыр. Дегенмен төлем жүйесінде кейбір схемалық пайдалану жағдайлары анықталған.

«Мысалы, бір адам бірнеше ұйымда жұмыс істеп, бір уақытта жұмыстан шығып, кейін жұмыссыз ретінде өтініш береді. Сол кезде оған орташа жалақы негізінде төлем тағайындалады. Мұндай жағдайлар реттеуді қажет етеді», деді министр.

Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?

Оның айтуынша, пандемияға дейін жұмыссыздық бойынша төлем 4 айға дейін берілген, ал пандемия кезінде бұл мерзім 6 айға ұзартылған. Енді бұрынғы тәртіпке қайтару жоспарланып отыр.

«Жұмыссыз мәртебесі қазіргі таңда үш күн ішінде беріледі, бұл дұрыс емес. Сондықтан оны 10 күнге өзгертіп, төлем мерзімін 4 айға дейін қысқартамыз. Бұл артық және негізсіз төлемдердің алдын алу үшін қажет», деді А.Ертаев.

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді

Айта кетейік, министрліктің тиісті өзгерістер жобасы қазір талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар