• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 20:36

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

20 рет
көрсетілді

8-10 мамыр аралығында елордада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі биыл төртінші рет ұйымдастырылып, әлемнің таңдаулы татами шеберлері бір алаңда басы қосылады, деп жазады Egemen.kz

Халықаралық деңгейдегі беделді жарыс Халықаралық дзюдо федерациясы күнтізбесіне енгізілген. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы кешенінде өтеді. Мұнда Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары белдеседі деп күтіліп отыр.

IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысында спортшыларға әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары беріледі: бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай. Бұл көрсеткіштер татами шеберлері үшін аса маңызды, өйткені олар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктелуге тікелей әсер етеді.

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Qazaqstan Barysy Grand Slam – тек рейтингтік турнир ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның дзюдо әлеміндегі орнын айқындайтын маңызды дода. Айта кетейік, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасында 2023 жылы жасалған келісімге сәйкес, еліміз Grand Slam деңгейіндегі жарысты 2026 жылға дейін қабылдау құқығына ие.

Осылайша, Астана тағы да жаһандық дзюдо қауымдастығының назарын өзіне аударып, жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі тартысты белдесулер сыйламақ.

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты

Соңғы жаңалықтар