• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 19:59

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты

30 рет
көрсетілді

Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында Салық кодексіне енгізілетін кезекті түзетулер тобы қаралып, қаржы секторына қатысты маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін, ақпан айындағы отырыста қаржы секторында жаңа салық нормаларын енгізуге байланысты 38 мәселе талқыланған екен. Оның ішінде мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін нақтылау үшін 7 мәселе қосымша пысықтауға жіберілген. Нәтижесінде, 3 негізгі мәселе осы жолғы отырысқа шығарылып, түпкілікті қаралды.

Алғашқы мәселе сақтандыру ұйымдарының 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуіне байланысты туындаған. Жаңа талапқа сәйкес, 2026 жылғы салық кезеңінде 4-ҚЕХС-тен 17-ҚЕХС-ке өту кезінде пайда болған айырма кіріс немесе шегерім ретінде есепке алынады. Бұл – біржолғы сипаттағы көрсеткіш, ол 2026 жылғы нәтижені емес, 2023-2025 жылдар аралығындағы жинақталған қаржылық әсерді қамтиды.

Аталған айырманы салық базасына енгізу корпоративтік табыс салығының (КТС) едәуір өсуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі салық жүктемесін 2026-2028 жылдар аралығында тең үлеспен төлеу тетігін енгізуді ұсынды. Бұл қадам сақтандыру секторына жаңа талаптарға біртіндеп бейімделуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аванстық төлемдерді есептеу кезінде біржолғы әсердің ықпалы кейінгі кезеңдерге таралмайды.

Депутат Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін азайтуды ұсынды

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екінші мәселе факторингтік операцияларға қатысты болды. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы көтерген бастамаға сәйкес, факторингті қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылды. Бұған дейін Салық кодексінің алдыңғы редакциясында мұндай операциялар ҚҚС-тан босатылған еді. Алайда қолданыстағы нормаларда факторинг қарыз ретінде танылмайды, сондықтан оған кредиттік операциялардағы жеңілдіктер қолданылмай отыр.

Нәтижесінде, факторингтік операцияларға ҚҚС салынуы қаржыландыру құнын 16%-ға арттырып, бұл құралдың тартымдылығын төмендеткен. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, екінші деңгейдегі 23 банктің тек 4-еуі ғана факторингпен айналысады. Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов бұл бағытты дамыту қажеттігін атап өтті.

«Агенттік факторингті бизнесті қаржыландыру құралы ретінде дамытуды мақұлдайды және бұл операцияларды ҚҚС-тан босатуды ұсынады», деді Олжас Қизатов.

Үшінші мәселе – резидент еместердің бағалы қағаздар операцияларынан түсетін табысына салық салу. Қазіргі норма бойынша, Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздарды сату кезінде резидент емес жеке тұлғалардың табысы салықтан босатылады. Бұрын мұндай жеңілдік заңды тұлғаларға да берілген.

Жаңа ұсынысқа сәйкес, инвесторлардың барлық санаты үшін тең салық шарттарын қалпына келтіру көзделіп отыр. Бұл қадам нарыққа қатысушылар санын арттырып, сауда-саттықтың өтімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Отырыс қорытындысында аталған ұсыныстар толық қолдау тапты.

Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді

Сонымен қатар Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағына енгізілетін техникалық түзетулер қаралды. Қолданыстағы нормаға сәйкес, бірқатар коммуналдық және қызмет көрсету ұйымдары көрсетілген қызметтер туралы мәліметті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей тапсыруға міндетті. Алайда бұл талап жеке кәсіпкерлерге қолданылмаған.

Талқылау нәтижесінде аталған талап барлық салық төлеушілерге, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге де бірдей қолданылатын болады. Сонымен қатар, міндетті мәліметтер тізімінен бірқатар коммуналдық қызметтер алынып тасталды, себебі бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар.

Мерзім де өзгертілді – енді есеп тапсырудың соңғы күні есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақырғы күні болып белгіленді. Бұл шешім деректердің нақтылығын арттыруға және бастапқы құжаттар негізінде сапалы есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады

Соңғы жаңалықтар