Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 17 қарашада Яна Легкодимованың қазасына қатысты іс бойынша сот үкімі шығып, Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Алайда үкім шыққаннан кейін де сотталғандар бірнеше ай бойы тергеу изоляторында болған. Марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сұрау салып, ресми хат жолдағаннан кейін ғана қылмыскерлерді колонияға ауыстыру қолға алынған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталғандарды этаптау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған. Атыраудан жөнелту процесі арнайы вагон арқылы жүргізіліп, олар өзге сотталғандармен бірге тиісті колонияға жеткізілген.
Яна Легкодимова ісі: Қылмыскерлер жазаны жеңілдетуді сұрады
Айта кетейік, бұған дейін сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсіргенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалдырған болатын.
Нұрболат АМАНБЕК