• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 12:05

Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан

70 рет
көрсетілді

Ақтөбеде кәсіпкер лицензиясы жоқ ломбардпен 93 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2020-2025 жылдар аралығында лицензиясыз халыққа тұрмыстық техника кепілімен қарыз беру қызметін ұйымдастырған. Атап айтқанда, ұялы телефон, теледидар, ойын приставкалары, фотоаппараттар және өзге де мүліктер кепіл ретінде қабылданған.

Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?

Заңсыз қызметті жасыру мақсатында аталған әрекет комиссиондық дүкен ретінде рәсімделіп келген. Сонымен қатар, азаматтарға заңмен белгіленген 0,3 пайыз шекті мөлшерден әлдеқайда жоғары – тәулігіне 3,7 пайызға дейін пайыздық мөлшерлеме қолданылған.

«Нақты бір жағдайда клиент 257 000 теңге көлемінде 10 күнге қарыз алып, 51 400 теңге комиссия төлеуге мәжбүр болған. Заң талаптары бойынша мұндай төлем 7 710 теңгеден аспауы тиіс еді», делінген Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы департаментінің хабарламасында.

19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: «Актив Ломбард» иесінің былығы әшкере болды

Тергеу нәтижесінде заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 93 миллион теңгеден асқаны анықталды. Сот санкциясымен күдіктінің 3 автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар