• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 15:11

10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды

30 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Қазақстанға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2014 жылы адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы компьютерлік техниканы жеткізуді ұйымдастыруға жәрдем көрсетем деген сылтаумен отандық кәсіпкердің 1 миллион доллары көлеміндегі қаражатын алдау жолымен иемденген.

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Жамбыл облысынан табылды

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған күйде елден тысқары кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осылайша ол 10 жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап келген.

2025 жылдың қыркүйек айында ол Германия Федеративтік Республикасында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

Аталған қылмыстық іс бойынша оған мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар