• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 13:20

Премьер-министр кейбір өңірлердегі көрсеткіштердің төмендеуіне қатысты шара қолдануды тапсырды

30 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар облыста макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы өсуімен жекелеген бағыттар бойынша төмендеу тіркелгенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Өңірлерге келетін болсақ, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім көрсетіп отыр. Бірақ кейбір өңірлер жоспарлы өсімді қамтамасыз ете алған жоқ. Ақмола облысында үш көрсеткіш, Атырау облысында төрт көрсеткіш төмендеген», деді Олжас Бектенов.

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 8,5%-ға дейін жеделдеді

Көрсеткіштердің төмендеуі байқалған Атырау және Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

«Өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайға жан-жақты талдау жүргізіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын. Барлық өңірлер негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстасын, олардың төмендеуіне мүлде жол беруге болмайды», деді Олжас Бектенов. Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы қаралды.

Соңғы жаңалықтар