• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 15:59

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастырып келеді. Бұл – тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелерді тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған платформа 2024 жылдың маусымында іске қосылған. Бүгінде ол мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді құралына айналды. Өтініш жолдау үшін Telegram-да чатқа кіріп, тіркелу, мәселенің фотосын тіркеу, мекенжайын көрсету және қысқаша сипаттама беру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде жауапты органдарға жіберіледі.

Сервистің басты артықшылықтарының бірі – ашықтық. Пайдаланушы өтініштің орындалу барысын толық бақылап, жұмыс аяқталған соң фотоесеп алып, оның сапасын бағалай алады.

«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды

Барлық өтініштер 21 санат бойынша жіктеледі. Олардың қатарында аумақты тазалау, қоқыс шығару, жол жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бар. Бұл жүйе өтініштерді жедел саралап, тиісті қызметтерге бағыттауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 24 мыңнан астамы орындалған. Ең көп сұранысқа ие бағыт – аумақтарды тазалау.

Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында 4 мыңнан астам өтініш тіркеліп, олардың басым бөлігі орындалған.

«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды

Жалпы, @TazaQazBot секілді цифрлық шешімдер тұрғындар мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, мәселелерге жедел әрекет етуге, әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруға және елді мекендерде тәртіп орнатуға ықпал етуде.

Соңғы жаңалықтар