• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:08

Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме

10 рет
көрсетілді

Ыстанбұлда оғыздардың тарихи және мәдени мұрасына арналған «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық ғылыми конференция мен көрме өтті. Іс-шараға Сенат депутаты Руслан Рүстемов те қатысты.

Конференция Қызылорда облысы әкімдігінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауы­мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қатысуымен Түрік және ислам өнері му­зейінде ұйымдастырылды. Кон­ференция жұмысына қазақстандық және түркиялық ғалымдар, сарапшылар мен мәдениет қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференцияда сөз сөйлеген сенатор ортақ тарихи мұраның маңыздылығын атап өтіп, түркі әлемінің қалыптасуындағы оғыз өркениетінің ерекше рөліне тоқталды.

«Түркі халықтарын ортақ тарихи тамырлар, тіл, мәдениет және рухани құндылықтар бірік­тіреді. Оғыз мұрасының орны бөлек, өйткені қазіргі Қазақстан аумағынан басталған үдерістер Анадолыдағы мемлекеттіліктің қалыптасуына тікелей әсер етті. Бүгінде Қазақстан мен Түркия тарихи бірлікке сүйене отырып, стратегиялық серіктестікті нығайтып, тұрақты іс-қимылдың үлгісін көрсетіп отыр», деп атап өтті Руслан Рүстемов.

Сенатор сондай-ақ мұндай іс-шараларды өткізу түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтуға және ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтауға септігін тигізетінін жеткізді. Оның айтуынша, оғыз тақырыбы ғылыми зерттеулер мен гуманитарлық ынтымақ­тастықтың маңызды бағыты болып қала береді.

Археологиялық зерттеулерге, соның ішінде Жанкент қалашығын зерттеуге, сондай-ақ музей инфрақұрылымын дамыту және тарихи-мәдени мұра нысандарын халықаралық деңгейде ілгерілету жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Қорытындылай келе, қатысу­шылар елдер арасындағы ғылы­ми диалогті дамыту және мәдени байланыстарды нығайту үшін мұндай алаңдардың маңыз­дылығын атап өтті.