Синоптиктер 9 сәуірде Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек Қазақстанның шығысында, аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі», делінген хабарламада.Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды