• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шахмат Кеше

Астанада шахматтан Senat Open турнирінің ширек финалы өтеді

20 рет
көрсетілді

Астана қаласында Senat Open 2026 республикалық шахмат турнирінің 1/4 финалы өтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 12 сәуір күні сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жоба – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды республикалық бастама.

Турнир идеясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауына ие болды.

Жобаның негізгі мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау, зияткерлік спортты дамыту, әртүрлі сала өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Senat Open 1/4 финалында 2026 жылдың 1-28 ақпан аралығында өткен 1/8 кезең аясындағы 7 іріктеу турнирінен үздік қатысушылар бақ сынайды:

• 7 ақпан – мемлекеттік қызметшілер және ұлттық компания қызметкерлері арасындағы турнирдің 20 үздігі• 8 ақпан – ардагерлер арасындағы 20 үздік• 14 ақпан – білім саласы қызметкерлері арасындағы 20 үздік• 15 ақпан – мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасындағы 20 үздік• 21 ақпан – денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы 20 үздік• 22 ақпан – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы 20 үздік• 28 ақпан – құқық қорғау және күштік құрылым қызметкерлері арасындағы 20 үздік

Осылайша, барлығы 140 үздік ойыншы 1/4 финалда өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес, бұл кезеңде депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері де қатысады.

Турнир форматы:

• Жүйе: швейцариялық жүйе, 9 тур;• Уақыт бақылауы: рапид 10+5.

Турнир қорытындысы бойынша үздік 35 қатысушы Senat Open турнирінің 1/2 финалына жолдама алады. Ал жарыстың финалы 2026 жылдың 26 маусымында Астана қаласында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар