• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 15:59

Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

20 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасы қалалық емханада бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереледі. Тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Олар қаражатты жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Қазір мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 675 млн теңгеден асты. Аталған жағдай байланысты прокуратура органдары аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Соңғы жаңалықтар