Астана қаласында жыл басталғалы бері көлік құралдарына салынатын салық есебінен 10 млрд теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Алайда қазіргі таңда елордада көлік салығы бойынша берешек көлемі 7 млрд теңгені құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, заңнамаға сәйкес салықты мерзімінде төлемеген азаматтарға әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар берешегі бар тұлғаларға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Олардың қатарында хабарлама жіберу, салық бұйрығын шығару және материалдарды жеке сот орындаушыларына жолдау бар.
Маңызды жайт – 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек міндетті түрде мәжбүрлі түрде өндіріледі. Ал салық бұйрығын орындау мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды. Бұл талаптарды орындамау қосымша қаржылық жүктемеге және құқықтық салдарға алып келуі мүмкін.
715 заңбұзушылық анықталды: Алматыда автокөліктерге экологиялық бақылау күшейді
Қала тұрғындары өздерінің салық бойынша берешегін түрлі цифрлық сервистер арқылы оңай тексере алады. Атап айтқанда:
Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты – kgd.gov.kz; eGov.kz порталы; eSalyq Azamat мобильді қосымшасы.Сонымен бірге елден шығуға шектеу бар-жоғын aisoip.adilet.gov.kz сайты арқылы білуге болады. Бұл азаматтарға өз құқықтық жағдайын алдын ала тексеріп, қажетсіз қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?