Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды жаңа редакцияда, ілеспе түзетулермен қабылдады. Құжаттар Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген, деп жазады Egemen.kz.
Заңда мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар айқындалды. Олардың ішінде патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел және құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік қамтылады. Бұдан басқа, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру көзделеді. Ол үшін мемлекеттік қызметке түсуге дайындық институты енгізіледі. HR-процестерді цифрландыру үшін үміткерлерді толығымен цифрлық форматта «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы іріктеу жоспарланған.
Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады
Бұл ретте жаңарған заңда мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тартуға және ұстап қалуға бағытталған нормалар көзделген. Осылайша, үш жылда кемінде бір рет жалақыны индекстеу тетігі белгіленеді. Үстеме жұмыс уақытында, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы төлеу, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін жағдай жасау және басқа да шаралар қарастырылған. Жұмыс уақытының режимі де реттеледі. Атап айтқанда, қалыпты жұмыс ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек, ал кей санаттағы қызметшілер үшін жұмыс уақыты қысқарады.
ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?