Елімізде инфляция деңгейінің төмендеу үрдісі қатарынан 6 ай бойы сақталып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2026 жылдың наурызында инфляция 0,6% болды, ал жылдық көрсеткіш 11,0%-ға дейін баяулаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің мәліметінше, инфляция қарқынының төмендеуі 2025 жылдың қыркүйегіндегі 12,9% деңгейінен кейін біртіндеп жалғасып келеді. Осы кезеңнен бері баға өсімі бәсеңдеп, тұрақты динамика қалыптасты. Қаңтар-ақпан айларында да көрсеткіш тиісінше 1,0-1,1% аралығында болған.
Ресми деректерге сүйенсек, инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді.
AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін
Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) өзгеруіне байланысты туындаған қысқамерзімді баға өсімі қазір толықтай теңестірілген. Бұл фактор қазіргі инфляция қарқынына әсер етпей отыр.
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады