• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 12:23

Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты

30 рет
көрсетілді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ширек финалы басталды. Бүгін құрама сапынан Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/4 финалда Тәжікстан өкілі Шамшер Саидовпен жолықты.

Төрехан Сабырхан кәсіпқой боксқа ауыса ма?

Алғашқы раундта Тәжікстан боксшысы ауыр соққыларымен басымдықты алуға тырысты. Бірақ отандасымыз қарсыласын қашықтықта ұстап, жылдам соққыларымен 4:1 есебімен жеңісті өз еншісіне жазды.

Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?

Ал сағат 14:00-де Махмұд Сабырхан чемпионат аясындағы алғашқы жекпе-жегін Өзбекстан өкіліне қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты: Екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

Соңғы жаңалықтар