• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 15:45

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды

20 рет
көрсетілді

Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 12 адамды құтқарып, 25 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт Жеңіс даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері оқиға орнына жеткен бойда пәтердің балконы мен терезе ойығының жанып жатқанын анықтады.

Алматыда базар маңында өрт шықты

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен бірге арнайы құтқару маскаларының көмегімен 12 адам, соның ішінде 9 бала құтқарылды.

Оралда дәмханадан өрт шықты 

Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылының арқасында тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол берілмей, жалын 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың шығу себебі анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар