• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:57

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

20 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аман-есен табылды. Полиция қызметкерлері жүргізген ауқымды іздеу жұмыстарының арқасында бала Шымкент қаласынан анықталып, ата-анасына қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлы 21 наурыз күні Ордабасы ауданындағы үйінен шығып, Түркістан қаласына барған. Алайда ол жақындарымен байланысқа шықпай, із-түссіз кеткен. Осыдан кейін жергілікті полиция дереу іздестіру жұмыстарын бастаған.

Іздеу шараларына Түркістан облысы полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері жұмылдырылды. Баланың ата-анасы оның телефоны үйде қалғанын айтып, қатты алаңдаған. Бұл жағдай іздестіру жұмыстарын жеделдетуге себеп болды.

Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды

Полицейлер жасөспірімнің қозғалыс бағытын анықтау үшін бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, Түркістан қаласы аумағын толық тексерді. Кейін іздеу жұмыстары көршілес Шымкент қаласында да жалғасты.

Жедел іздестірудің нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылды. Полицейлер оны ата-анасына табыстады.

Құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарына қолдау білдірген бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті тұрғындарға алғыс айтты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларына көбірек көңіл бөліп, олармен ашық сөйлесудің маңызын еске салды.

Ақтөбеде қоқыс алаңдарының бірінен ер адамның мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар