Астанада салынып жатқан LRT желісінде 187 бағдаршам орнатылды. Бағдаршамдар станцияларда, жол аралық учаскелерде және депода орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың айтуынша, LRT жүйесінде пойыздардың қозғалысын негізінен автоматтандырылған басқару жүйесі реттейді. Дегенмен, бағдаршамдар қауіпсіздіктің резервтік жүйесі ретінде маңызды рөл атқарады. Олар штаттан тыс жағдайларда пойыздардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қауіпті бұрылыс жұмыстары кезінде қолданылады.
Яғни, бұл жүйе жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша қорғаныс деңгейі ретінде қарастырылған.
Астанада LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті
Астанада жеңіл рельсті көлікті жақын уақытта іске қосу жоспарланып отыр. Сынақ режимінде жүргізілген тестілеу барысында құрамдар жобалық максималды жылдамдыққа дейін жеткен.
LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды
Жоспарға сәйкес, LRT-мен жол жүру құны қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде 200 теңге болуы мүмкін.