• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

10 рет
көрсетілді

FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді тоқтату мерзімін 19 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Компанияның мәлімдеуінше, шешім аталған бағытта рейстердің орындалуына тікелей әсер ететін Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билетті айыппұлсыз толық қайтару немесе сапар күндерін кейінгі мерзімге тегін өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Билетті FlyArystan ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында рәсімдеген жолаушылар брондауға өзгерістерді онлайн дербес түрде енгізе алады. Туристік агенттіктер және басқа да сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша жолаушыларға сатып алған орнына жүгіну қажет», делінген хабарламда.

Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты

 
Соңғы жаңалықтар