• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 16:55

Астанада бұрынғы әйелін жылдар бойы аңдып, мазасын алған ер адам жауапқа тартылды

30 рет
көрсетілді

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы ұсынысымен сталкинг бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы жылдар бойы ажырасып кеткен әйелінің мазасын алған. 

Сот барысында жәбірленушінің бұрынғы күйеуімен байланыс орнатқысы келмегеніне қарамастан оның үйіне келіп, кіреберіс есігін бұзып, бірнеше рет пәтерге заңсыз кіргені анықталды. Сондай-ақ жәбірленуші айыпталушының заңсыз іс-әрекеттерінен қорқып, пәтерінен кетіп, анасының үйіне баруға мәжбүр болған. Бұған қарамастан, сотталушы жәбірленушіге барып, агрессивті әрекеттер жасап, жүйелі түрде жанжал шығарған.

Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты

Сондай-ақ айыпталушы тұрақты түрде бейтаныс нөмерлерден жәбірленушіге хабарласып, хабарламалар жолдап отырған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп танып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Айта кетейік, заңсыз қудалау үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Соңғы жаңалықтар