• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 16:32

Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 2027 жылға дейін жалғасады

30 рет
көрсетілді

АҚШ Қазақстанға Ресей мұнайын Қытайға транзитпен тасымалдауға мүмкіндік беретін лицензияны 2027 жылғы 19 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Bloomberg мәліметінше, осының нәтижесінде күн сайын шамамен 200 мың баррель мұнай жеткізуге жол ашылады. Жаһандық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында бағыттың тұрақтылығын сақтау мүмкін болады.

Мұндай қадам Парсы шығанағы елдерінен жеткізілімге қатысты шектеулерге, Ормұз бұғазы маңындағы қауіптерге және Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты қабылданып отыр.

Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Ресейдің экспорттық ағындарын қолдайды, Қазақстанның транзиттік рөлін күшейтеді және балама жеткізу бағыттарына түсетін қысымды азайтады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей тараптары транзит көлемін жылына 12,5 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін талқылап жатыр.

Соңғы жаңалықтар