Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында теңгенің долларға қатысты нығаюы және оның Қазақстан экономикасына әсеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк төрағасы журналистердің Ұлттық қорға қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Ұлттық қор зардап шегуі мүмкін емес. Өйткені қордың валюталық бөлігі доллармен есептеледі және теңгеге қайта айырбасталмайды», деп жауап берді Тимур Сүлейменов.
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Оның айтуынша, еліміздегі экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамын мұнай құрайды.
«Тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, теңге – тұрақты валюта. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша өте жоғары табыстылық көрсетті, қазіргі уақытта ең тартымды валюталардың бірі. Сіздер халықаралық рейтингтерді де көріп отырсыздар. Қазақстандағы тәуекел мен табыстылық арақатынасы қазіргі уақытта әлемдегі ең үздіктердің бірі. Бұл инвестицияларды тартады және соның нәтижесінде теңге нығаяды», деді Сүлейменов.
Теңге нығайып жатыр: Онда неге баға арзандамайды?