• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

10 рет
көрсетілді

Алматы облысында теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Апаттың Боролдай маңында болғаны хабарланды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы — Боралдай — Шамалған тасжолының бойындағы теміржол өткелінде болған. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның алдын ала дерегіне сәйкес, көмір станциясынан келе жатқан пойыз өткелден өтіп бара жатқан кезде автобус жүргізушісі жол бермей, соқтығысқа себеп болған.

Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

 
Соңғы жаңалықтар