• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2015

Қанат Ислам кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді

250 рет
көрсетілді

Наурыздың 23-і күні түнде WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын қорғаған қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Орландо Де Хесус Эстраданы 4-раундта нокаутпен жеңді. Орта салмақта өнер көрсетуші қазақстандық боксшы Қанат Ислам кә­сіп­қойлар рингінде осы­мен 19-шы рет жеңіс то­йын тойлады. 30 жас­тағы қазақстандық колум­бия­лық Орландо Де Хесус Эстрадаға қарсы ұрыста WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалды. Жекпе-жек Колумбия­ның Баранкилья қаласында өтті. Ұрыстың алғашқы минутынан бастап Қанат қарсыласын соққының астына алды. Екінші ­раунд та біздің боксшының басымдығымен өтті. Бірақ бәсекелесін кіндіктен төмен ұрып алған одан бір ұпай кемітілді. Мұның есесіне, Қанат келесі раунд­­та колумбиялықты екі рет нокдаунға жіберді. Төртінші раундтың басында Қанат сол қолының қарымымен қарсыласын тағы да рингке ұшырып түсірді. Рефери нок­даун уақытын толық санап шықты. Шайқас қайта жалғасты. Бірақ төреші сәлден кейін ұрысты тоқтатып, қазақ жігітінің жеңгенін жария етті. Бұл Қанат Исламның 19-шы шайқасын да жеңіспен аяқтағанын көрсетті. Ол бұлардың 16-сында айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған. Әзірге бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ. Осы күні Колумбия рингіне қазақстандық тағы бір боксшы – Жанқош Тұраров та көтерілді. Ол да колумбиялық бокс­шымен ұрыс өткізді. Осы рейтингілік ұрысын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз қарсыласын 7-раундта бет қаратпай тас­тады. Сөйтіп, төрешінің шешімімен оған жеңіс беріліп, қарсыласына техникалық нокаут жазылды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.
Соңғы жаңалықтар