• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:01

Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

10 рет
көрсетілді

Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Таным көпбейінді кешенінде өткен қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Министр өз сөзінде білім мен ғылымның маңызын атап өтіп, олимпиаданың екі маңызды оқиғамен тұспа-тұс келгенін жеткізді.

«Биыл елімізде жаңа Конституция күшіне еніп, дамуымыздың жаңа кезеңі басталды. Сонымен қатар бұл дода Наурыз мейрамымен қатар келіп отыр. Республикалық олимпиада жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білімді жастарға үлкен сенім артады. Халықаралық жүлдегерлер мен олардың ұстаздарына біржолғы қаржылай сыйақы қарастырылған», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманы қалыптастыру.

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі жүлде жеңіп алды

Биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 360 мыңнан астам оқушы қатысқан. Соның ішінде 1 636 оқушы республикалық кезеңге жолдама алған. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 930, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта 706 оқушы бақ сынады. Сондай-ақ ауыл мектептері арасында өткен олимпиадада 73 жеңімпаз анықталды.

Жалпы, қатысушылардың 45% жүлделі орындарға ие болып, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.

Оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды

Соңғы жаңалықтар