• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 09:39

Серік Сәпиев лауазымды қызметке тағайындалды

30 рет
көрсетілді

Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесші қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғалиұлы 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері. 

Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді

«Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады», делінген хабарламада.

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

 

Естеріңізге сала кетейік, Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалған еді. 

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

Кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев шенеуніктердің арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар