Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи соңғы 24 күн ішінде елдің АҚШ-пен ешқандай байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, Иранның Ормұз бұғазы мен соғысты тоқтату шарттары бойынша ұстанымы өзгермеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иран тарапы соңғы күндері кейбір достас елдер арқылы АҚШ-тан келіссөз бастау туралы ұсыныстар түскенін растады. Алайда бұл ұсыныстарға жауап ретінде Иран өз инфрақұрылымына шабуыл жасалған жағдайда ауыр салдар болатынын ескерткен. Ел билігі энергетикалық нысандарға қарсы кез келген әрекетке қарулы күштер тарапынан жедел әрі қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.
Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Сондай-ақ Иран парламентінің спикері Мохаммад-Багер Галибаф та АҚШ-пен ешқандай келіссөз болмағанын айтып, мұндай ақпараттарды жалған деп атады. Оның пікірінше, мұндай хабарлар мұнай және қаржы нарықтарына әсер ету үшін таратылады.
Трамптың мәлімдемелерінен кейін Brent мұнайы бағасы шамамен 9%-ға төмендеп, баррелі 96,96 долларды құрады.
Ал Дональд Трамп журналистерге берген сұхбатында келіссөздер екі күннен бері жүріп жатқанын және Иран ядролық қарудан бас тартуға келіскенін айтқан. Оның айтуынша, келіссөздер «жоғары лауазымды тұлғамен» жүргізіліп жатыр, бірақ ол жаңа көшбасшы Моджтаба Хаменеи емес.
Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес
Сонымен қатар Трамп Ирандағы жаңа аятолла АҚШ-пен байланысқа шықпағанын, тіпті оның тірі екені де белгісіз екенін мәлімдеді. Оның болжамынша, АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал байланыстар туралы ақпарат Иран билігінің кейбір өкілдеріне жетпеген болуы мүмкін, себебі ел қазіргі жағдайда байланыс орнатуда қиындықтарға тап болып отыр.