• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 14:20

Сенат Төрағасы «Этноауыл» мерекелік көрмесін тамашалады

10 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттар тобымен бірге Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты. Депутаттар қазақ халқының мәдени мұрасы мен мерекеге орай ұйымдастырылған «Этноауыл» көрмесін аралап көрді. Сонымен қатар осы күні «EXPO» көрме орталығында халықтық серуендер өтіп, түрлі интерактивті шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесінің елді жаңғыртудың жаңа кезеңімен тұспа-тұс келуінің мәні зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Наурыздың ел жаңғыруы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу аясындағы бірлік, бауырластық және ынтымақ мерекесі екенін жеткізді.

Айта кету керек, этноауылда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұзындығы 12 метрлік жарықдиодты туннель орнатылған. Бұл туннель сыртқы әлем мен мерекенің инновациялық экожүйесін, сондай-ақ Қазақстанның технологиялық келешегін байланыстыратын символикалық өткел қызметін атқарады. Мұнда келушілерге ұлттық тарихты, дәстүрлі киімдерді, қолөнер мен салт-дәстүрлерді таныстыратын тақырыптық экспозициялар ұсынылған.

«Жеті қазына» атты голографиялық көрме ұлттық кодтың заманауи үлгіде жаңаша түсіндірілуін көрсетеді. Иммерсивті технологиялар арқылы жеті қасиетті құндылық тек жәдігер ретінде ғана емес, қазақ халқының дүниетанымының негізі ретінде ұсынылған. Бұл цифрлық экспозиция ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мұра мен философияны жаңғыртады.

Сондай-ақ жасанды интеллект қолданылған спорттық ойындар - «ИИ-футбол», «Air Sadaq» виртуалды садақ атуы және «Асық ату» ойынының цифрлық нұсқасы елорда тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды. Бұдан бөлек, қатысушылар дәстүрлі асық ату, садақ ату, гір көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу және қазақша күрес бойынша да өзара бақ сынасты. Бұл жарыстарға елорданың атақты чемпиондары да қатысты.

Астанада Наурыз мейрамы ауқымды деңгейде тойланып жатыр

Көктемнің әсем көңіл күйін кітап, қызғалдақ және қазақстандық дизайнерлердің киім көрмелері, отандық өндірушілер мен қала қолөнершілерінің жәрмеңкесі, сондай-ақ концерттік бағдарлама айрықша әсермен толықтырды.

Айта кетейік, мерекелік «Этноауыл» 21-23 наурыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ашық болады.

Ынтымақ күні: Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні тойланып жатыр

Соңғы жаңалықтар