Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open (WTA 1000) турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйелдер теннисі қауымдастығының мәліметінше, Рыбакина қарсыласын екі сетте сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:3. WTA ресми парақшасы Еленаның соққылары мен эйстерін ерекше атап өтті.
Елена Рыбакинаның 20 жетістігі
Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 28-орында тұрған украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Ол бұған дейін өзбекстандық Камила Рахимованы жеңген.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріндегі нәтижесінен кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды.