Жаңа Конституцияның қабылдануы кепілдік берілген медициналық көмек көлемінің қысқаруына әкеп соқпайды, керісінше оны қаржыландыру көздері кеңейтіледі. Бүгін Үкімет отырысында «Халық денсаулығы туралы» кодекске енгізілетін өзгерістер туралы Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа нормаларға сәйкес, тегін медициналық көмекті қаржыландыруға бюджеттен бөлек халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті жоғары технологиялық қызметтерге қол жеткізудің негізгі құралы болады. Бұл ретте әрбір азаматтың денсаулық сақтау мен биологиялық қауіпсіздікке кепілдік берілген құқығы өзгеріссіз қалады.
Премьер-министр: Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті
«Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады. Ең бастысы, азаматтардың құқығы сақталып қана қоймай, қосымша институционалдық тұрғыдан нығайтылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің рөлі арта түспек. Кезең-кезеңімен енгізілетін бірыңғай базалық медициналық пакет арқылы азаматтар жоспарлы әрі күрделі медициналық қызметтердің басым бөлігіне осы сақтандыру есебінен қол жеткізе алады», деді Аида Балаева.
Бектенов: Жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді