• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді

10 рет
көрсетілді

17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсетуге арналған ашық оқыту іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру мен жасанды интеллект жылына орай өткізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шаралар қалалық алаңдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, IT-хабтарда және креативті кеңістіктерде өтеді. Мұндай формат жасанды интеллект тақырыбын кең аудиторияға түсінікті және қолжетімді етуге, сондай-ақ өңір тұрғындарын заманауи цифрлық құралдармен таныстыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектіні күнделікті өмірде, жұмыста, оқуда, контент жасауда және мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны көрсетіледі. Бірқатар өңірде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллектінің ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылады.

Digital Qazaqstan: Технологиялық дербестік пен цифрлық өрлеу жолы

Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектіні пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Digital Bridge – 2025: Адамзат дамуының ендігі бағдары ЖИ-ге тікелей байланысты

Іс-шаралар 17-18 наурызда еліміздің әр өңірінде өтеді. Мысалы, Астанада «Хан Шатыр» СОО-да AlemGPT, Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылса, Шымкентте Арбат алаңында күнделікті өмірде ЖИ қолдану тақырыбында кездесулер ұйымдастырылады. Әр өңірде тақырып пен формат сәйкес өңірлік қажеттіліктерге бейімделген.

Соңғы жаңалықтар