• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:15

Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр

10 рет
көрсетілді

Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары отандық өсімдік шикізаты негізінде функционалдық мақсаттағы биологиялық белсенді қоспаларды өндірудің инновациялық технологиясын әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жоба жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға ықпал ететін қолжетімді әрі тиімді өнімдер жасауға бағытталған.

Дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтап жатыр

«Биологиялық белсенді қоспаның (ББҚ) негізгі құрамдас бөлігі – айқын профилактикалық қасиеттерге ие табиғи антиоксидант ликопин. Оның тағам рационында жеткіліксіз болуы иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулар қаупінің артуына әсер етуі мүмкін. Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді. Қайта өңдеуде лиофильді және инфрақызыл кептіруді қолдану шикізаттың түсін, хош иісін және биологиялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді», делінген ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабараламада.

Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды

Алынған компоненттер негізінде ағзаның белсенді заттарға тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін ББҚ-ның оңтайлы құрамы әзірленген. Оның құрамына ликопин, қызанақ ұнтағы, қарбыз ұнтағы, асқабақ дәнінің ұнтағы және мақсары майы кіреді. Мұндай үйлесім жоғары биожетімділікті, айқын антиоксиданттық әсерді және жақсы органолептикалық қасиеттерді қамтамасыз етіп, өнімді тұрақты қолдануға ыңғайлы етеді.

Соңғы жаңалықтар