• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:17

«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

20 рет
көрсетілді

«Отбасы банк» Наурыз мерекесіне орай 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекаға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Яғни мерекелік демалыс күндеріне байланысты бағдарлама аясында жаңа өтінімдер қабылданбайды.

«Отбасы банк»: 600 мыңға жуық адам мемлекеттік сыйақы алды

«Қаржы ұйымы азаматтарға өтініш беруді алдын ала жоспарлап, оны жұмыс күндері рәсімдеуге кеңес береді. Бұл әсіресе бағдарламамен алғаш рет қатысатын азаматтар үшін маңызды. Өтінішті дұрыс әрі тез толтыру үшін арнайы нұсқаулық дайындалған. Онда бағдарламаға қатысу тәртібі мен өтінім беру кезеңдері екжей-текжейлі көрсетілген», делінген «Отбасы банк» таратқан хабарламада.

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?

Ал бағдарламаға қатысуға өтініштерді Baspana Market жылжымайтын мүлік порталы арқылы жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін беруге болады.

Еске сала кетейік, «Наурыз» – пайыздық мөлшерлемесі 7-9% аралығында бекітілген ипотекалық бағдарлама. Жоба азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған. Өтінім қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар