Қарағанды облысының Осакаров ауданында облыстық маңызы бар «Осакаровка – Нұра» автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканың көмегімен көліктерде болған 20 адамды, оның ішінде 2 баланы, Осакаровка кентіне жеткізді.
Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және жолдардың жай-күйін ескеру қажет екенін ескертті. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартқан жөн.