• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Атырауда тікелей эфирде қызды аяусыз ұрған жігіт ұсталды

90 рет
көрсетілді

Атырауда 19 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полицияның араласуына әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба себеп болған. Кадрда жас жігіттің қолына пышақ алып, өзінің қолын пышақпен тіліп тастағаны бейнеленген. Сонымен қатар жігіттің қасында қан іздері бар қыз болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бейнежазба жарияланғаннан кейін жігіт бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, оған пышақ жарақаттарын салған. Оқиғаның бір бөлігін ол тікелей эфирде көрсеткен.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, оған «Азаптау» және «Жеке өмірге қол сұғу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды

   
Соңғы жаңалықтар