Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық серпіліс аймақтық, географиялық, технологиялық және экономикалық теңсіздікті күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы тұрғыда мен үшін үлкен қуаныш – инновациялар, адам капиталы, білім мен ғылым мәселелері жаңа Конституцияның басты мәніне, стратегиялық басымдылықтарына және негізгі құндылықтарына айналып отыр», дейді министр.
Министр жаңа Конституцияда ғылым, білім және адами капиталды дамыту басымдықтарын бекіту ерекше маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол ғаламдық технологиялық бәсекелестік жағдайында білім мен инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың бағыты ғана емес, елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен дамуының факторы екенін айтты.
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау басты назарға алынған