• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 14:34

Нұрбек Матжани: Жаңа Конституция цензураға тыйым салып, сөз бостандығына кепілдік береді

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның жаңа Конституциясы пікір білдіру еркіндігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады. Сонымен қатар цензураға тыйым салып, жауапкершілікке қатысты құқықтық негіздерді бекітеді. Бұл туралы журналист Нұрбек Матжани 11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаңға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі жаңалықтарын және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын күшейтуге бағытталған институционалды өзгерістерді талқылады. Әсіресе білім мен инновацияны дамыту, білімді қоғам қалыптастыру және азаматтардың цифрлық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. 

Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды

Н. Матжанидің айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен медиақұралдардың жаһандық кеңістігі жағдайында ақпараттық ортаны реттеу мәселелері ерекше өзекті.

«Жалған ақпараттың таралуы, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қорғау қажеттігі тиісті заңмен жауап беруді талап етеді», деді ол.

Сарапшы атап өткендей, жаңа Конституцияның басты нормаларының бірі – әр адамның өз көзқарасы мен сенімін еркін білдіру құқығын қамтамасыз ету. Бұл демократиялық қоғамның негізін құрайды.

«Біреудің еркіндігі басқа біреудің еркіндігі басталатын жерде аяқталады. Сөз еркіндігі адамның абыройы мен қадір-қасиетіне, кәсіби беделіне және жеке өмірінің дербестігіне нұқсан келтірмеуі керек», деп түсіндірді Матжани.

Талғат Қалиев: Жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттырады

Оның айтуынша, жаңа құжат цензураға тыйым салып, сөз еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма БАҚ, ғылым, өнер және қоғамдық диалогтың еркін дамуына құқықтық негіз береді.

«Цензураға тыйым салу әртүрлі көзқарастар қатар өмір сүретін плюралистік ақпараттық ортаның қалыптасуына ықпал етеді», деді сарапшы.

Соғыс пен қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салынады. Бұл ереже Қазақстанның бейбітшілікті жақтайтын сыртқы саяси доктринасын көрсетеді. 

Абзал Құспан: Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады

Соңғы жаңалықтар